RU
Белгілі журналист "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Белгілі журналист "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Құрманбек Жұмағали "Астана" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Телеарна ұжымына жаңа басшыны "Nur Media" холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков таныстырды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Құрманбек Жұмағали. Фото: qazradio.fm

Құрманбек Жұмағали. Фото: qazradio.fm

Телеарнаның жаңа басшысын "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Құрманбек Жұмағали отандық ақпарат айдынында аты қалыптасқан кәсіби журналист.

1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2006 жылы "Қазақстан" ұлттық телерадиокомпаниясының редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған.

Әр жылдары бірнеше республикалық телеарналар мен мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқарған.

Бүгінгі тағайындауға дейін "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.

Ә. Өмірзақ

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel