RU
Студенттер пікірі: Ерте отбасын құру дұрыс па? (фото)

Студенттер пікірі: Ерте отбасын құру дұрыс па? (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазіргі қоғамның жастары отбасын құруға асықпайды. Оған әлеуметтік жағдайын түзеп алғысы келетін жігіттер мен мансап жолын қуған арулардың көбейгені себеп болып отыр. Ал ажырасқандар санының күн санап артуы көңілге одан сайын күмән ұялатады. Ендеше, ерте тұрмысқа шыққан дұрыс па, әлде асықпау керек пе? KAZ.NUR.KZ тілшісі осы мәселеге қатысты студенттердің пікірін сұрап қайтты.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айдана Қасымқұл, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті:

Айдана Қасымқұл. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айдана Қасымқұл. Фото: KAZ.NUR.KZ

Менің ойымша, қыз балаға ерте тұрмыс құрған дұрыс. Бірақ, оның болашақ жары өзінен біршама жас үлкен болуы тиіс. 18-19 жастағы қыздың күйеуі тұрақты жұмыс істесе, онда неге отау құрмасқа? Ал екеуі де жас болса, жанұяда қиындықтар пайда болады. Екеуі бірдей ата-анаға салмақ түсіреді.

Күнту Арынбек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты:

Күнту Арынбек. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Күнту Арынбек. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Ерте отбасын құруды жан-жақты қарастырғанымыз дұрыс. Үлкен қадам жасаудың алдынды әсіресе жігіт жауапкершілікті екі есе сезіну керек секілді. Мен бір отбасының ері болуға психологиялық, моральді-материалды дайынмын ба?
"Ертеңгі отбасылық өмірімнің жарқын болуы үшін, болашақ баламның толыққанды жанұяда өсуіне жағдай жасай аламын ба?" деген өзінің ішкі жан-дүниесіндегі сұрақтарға "иә, дайынмын!" деген жауап ала алғанда шаңырақ көтерген жөн болар.
Осы кезде "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды", "Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі" деген сөздер еріксіз есімізге түсетіні рас. Бұл мақал-мәтелдердің қай заманда шыққаны да белгілі емес пе?
Екі-жас шаңырақ көтергенде қолдау көрсетер ата-анасы, ағайын туысы бар болса, аяққа тұрып кету оңайырақ болар. Ал бүгінгідей "сананы тұрмыс билеген" нарықтық заманда жанұяда болатын қаржылық проблемаларда шаңырақты шайқалтпай ұстап тұратын махаббат күші әлсіреуі де мүмкін. Кішкентай проблемалар үлкен проблеманың пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан да жігіт 23-25 жасқа дейін аянбай еңбек етіп, білім жинап, барлық жағынан үйленуге дайын болуы керек.
Менің ойымша, осы жаста отбасын құру ерте де, кеш те емес деп ойлаймын. Отызында орда бұзбаған жігіттің қырқында қамал алмайтыны тағы бар. Сол үшін ертерек ес жиып, қай жаста болса да ішкі түйсігің мен саналы түрде дайын болған шақта шаңырақ көтерген хайырлы болады деп ойлаймын.

Айдана Әлімжан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті:

Айдана Әлімжан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айдана Әлімжан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қыз балаға ерте тұрмыс құрған өте дұрыс. Себебі, жас кезде адам кез келген ортаға оңай сіңісіп кете алады. Ал жасы ұлғайған сайын ол мансап қуады да, тұрмысқа шығуға деген ынтасы жоғалып кетеді.

Наргиз Арнауытова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті:

Наргиз Арнауытова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Наргиз Арнауытова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазақ атамыз кезінде "Он үште- отау иесі" деген. Дегенмен, мен заманауи 21-ғасырдың адамы ретінде бұл пікірге қарсымын. Қыз баласы өз мамандығын оқып, игеріп, жеке тұлға болып қалыптасқаннан кейін ғана тұрмыс құрғаны дұрыс деп есептеймін.

Айымбек Мұратов, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 2-курс магистранты:

Айымбек Мұратов. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Айымбек Мұратов. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Жалпы есейген соң тұрақты жұмысың болып, жанұяңды асырай алатын жағдайға жеткен кезде үйленуге болады. Дегенмен, "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды" деген сөз бар. Үйленсең, ризығың артады дейді. Сондықтан, ата-бабаларымыздың жолын қуып, ерте шаңырақ көтерген абзал.
Ал 30 жасқа келгенде ойың тұрақталады, артық жүріс-тұрысың да тоқтайды. Сол кезде отау құрсаң, ақыл-ойың толысқан азамат ретінде балаға беретін тәрбиең де бөлек болады. Мен екеуін де құптаймын. Әркімнің өз таңдауы. Ерте үйленудің де, кеш отау құрудың да жақсы тұстары жетерлік.

Айжан Ермекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3- курс студенті:

Айжан Ермекова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айжан Ермекова. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазіргі заманда ерте тұрмыс құру дұрыс емес. Қыз бала жетілген соң ел алдымен, өзінің сабағына баса назар аударуы қажет. Нағыз ошақ иесі болуға 24-25 жас қолайлы деп ойлаймын. Сол кезде ғана қыздар жанұясы мен мансабын қатар алып жүре алады.

Жәудір Бексұлтан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті:

Жәудір Бексұлтан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жәудір Бексұлтан. Фото: KAZ.NUR.KZ

Мен ерте отбасы құруға қарсымын. Себебі, қазіргі 21- ғасырда әлеуметтік проблемалар көп. Сол үшін жастар алдымен білім алып, тұрақты жұмыс табу керек деп есептеймін. Жалпы өзінің әлеуметтік жағдайын жасаған соң ғана некеге тұрғаны абзал.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel