RU
"Подъезде түнедім": Ернар Айдар әнші болу үшін қандай құрбандыққа барған?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Подьезде түнедім": Ернар Айдар әнші болу үшін қандай құрбандыққа барған?

Рассказать Вконтакте

Халықтың сүйікті әншісі Ернар Айдар танымалдылыққа қалай қол жеткізгенін, базарда жүк тасушы болғанын, көп қабатты үйлердің кіре берісіне қонып, әндері жазылған СD дискілерді автобус жүргізушілеріне өзі таратқанын "Время" басылымына берген сұхбатынада айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, бәрі анасының арманынан басталыпты. Алғашында Өзбекстанда тұрған олардың отбасы мал бағумен айналысқан. Кейін Ернар 14 жасқа келгенде отбасымен бірге Таразға көшіп келіпті.

"Біз бүкіл отбасымызбен - әкем, анам, үш ағам, мен және қарындасым базарда жұмыс істедік. Мен жүк тасушы болып, тауар салынған арба айдадым. Базар істемеген күндері балмұздақ саттым. Ақша жинап, өзімізге контейнер алып, базарда өзіміз сауда жасай бастадық. Біздің арманымыз үнемі квартирант болып жүру емес, өз үйімізді алу болды. Бұл арман орындалған кезде анам "Ең болмағанда Ернардың жоғары білімі болып, оның таза әкімшілікте костюммен отырғанын қалаймын" деді", - деп анасының арманын айтты әнші.

Осылайша, Ернар 2009 Алматыға келіп Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне "заңгер" мамандығына түседі. Алайда Алматыға келген ол сабаққа барудың орнына музыкалық студияларда жүрген.

"Мен бала кезімнен барлық мерекелер мен туған күндерде ән айтуға тырыстым. Бірақ менің ағаларым мен туыстарым мені мазақ етіп "Сенің дауысың жоқ, ән айтпа" дейтін. Мен ұялып, айтпай қоятынмын.
Алматыға келген соң менде еркіндік болды. Жарты жылдан соң әкеме хабарласып "Шынымды айтсам, университетке сабаққа барып жүрген жоқпын, заңгер де болмаймын" дедім. Осы уақыт аралығында мен музыкалық студиялар іздедім. Тапқан кезде мені қуып жібермес үшін, тек нағыз мамандар әнді қалай жазатынын бақылауға мүмкіндік берсе болды деп тазалықшы боп жұмыс істедім.
Маған ештеңе төлеген жоқ, ешқашан дұрыстап тамақ жемедім, қай жерге қонуға тура келсе сонда қондым, бірақ музыкамен бірге болдым. Қысқы суықта жаурап, түнде жылы жерде ұйықтау үшін подъездің есігі ашылады деп күткен кездерім есімде", - деп қиын күндерін есіне алды әнші.

Бір жылға жуық осылай өмір сүрген ол өзіне автор мен ән өңдеуші іздеген. Сөйтіп Қуаныш Құрманбаевпен танысыпты. Ол бірге жұмыс жасауға уәде беріп, кейіннен тұтқасын көтермей қойған.

Осы уақыт аралығында Ернар шоу-бизнесте көмекшім болады деп Тараз қаласындағы ағасы Талғатты шақыртқан. Ағасы тапқан авторына тағы да хабарласуын, егер тұтқасын көтермесе мұның бәрін доғаратынын айтыпты.

"Осы кезде ол бізді өзіне шақырып алып, Бауыржан Есебаев деген автормен таныстырды. Біздің ортақ әніміз "Жарығым-айды" білесіздер ғой - менің визит карточкам. Сосын тағы үш-төрт ән жаздық...", - дейді өнер иесі.

Сөйтіп Ернар өзі диск сатып алып, әрқайсысына әндерін қолымен жазған. Сосын оны автобус пен такси жүргізушілеріне таратыпты.

"Таңертең "Сайран" автобекетіне барып "Жақсы әндер, бауырым, тыңдап көр" деп жүргізуішлерге, қалғанын таксистерге тараттым. Бір аптадан кейін адам сенгісіз жағдай болды. Мен диск алуға тағы да барахолкға бардым. Барған кезде қатарларда менің дауысым, менің әндерім естіліп тұрды. Біреуі одан кейін екіншісі. Жүрегім кеудемнен шығып кете жаздады. Музыкалық дүңгіршекке келіп онда менің әндерімнің дискісі сатылып жатқанын көрдім. Сол кездегі бақытты сөзбен жеткізу мүмкін емес!", - дейді Ернар.

Кейінірек республикалық радиостанциялардың бірінде әншінің әндерін "Дала дауысы" байқауына қосқан. Бірнеше уақыттан кейін аграрлық университеттің ректорының көмекшісі арнайы шақырып, акт залындағы сахнаға шығарған.

"Зал студенттерге лық толы болды, ал ректор "Танысып қойыңыздар. Біздің университетіміздің мақтанышы Ернар Айдар! Оның әндері әр қабылдағышта қосылып тұр, радиодан беріліп жатыр, ал біз оның түрін де білмейміз, қарапайым, сыпайы" деді. Күтпеген оқиғадан сасып қалдым, кейіннен көзімнен қуаныштың жасы шықты.
Менен халықтың махаббатына және танымалдылыққа қалай жеттің деп сұрағанда не деп жауап берерімді білмеймін. Мүмкін бұл тағдыр шығар, мүмкін менің еңбегім шығар.
Сенбейсіздер ғой, мен бала кезімнен Көк-Төбеде болуды армандадым. Бірақ Алматыға келген соң алты жылдан кейін ғана бардым. Оның өзінде жеке көнцертпен. Бұрын менде қыдырып, көңіл көтеруге мүлдем уақыт болмаған. Әртіс болу үшін үнемі еңбек еттім!", - деп бүгінде танымал әншіге айналған Ернар Айдар өміріндегі жарқын естеліктерімен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel