RU
Шымкентте бәз біреулер түн ішінде жасөспірім баланы өз үйінде атып кеткен

Шымкентте бәз біреулер түн ішінде жасөспірім баланы өз үйінде атып кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 2004 жылы туған баланы өз үйінде қарулы үш ер адам атып, қашып кеткен. Жедел жәрдем қызметі оқ тиген жасөспірімді ауыр халде Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға қазан айының 2-сі күні сағат 02.30. шамасында болған. Кәмелетке толмаған баланы жарақаттап оқиға орнынан бой тасалаған үшеуі, көршілерінің айтуынша, өзара туыс көрінеді. Шымкент қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үш күдіктіні де құрықтады.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2019 жылдың 1 қазанынан 2 қазанға қараған түні үй ауласына кіріп, анықталмаған қарудан осы үйде тұратын кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қарай оқ атылған.
Полиция қызметкерлерімен аталған жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 24-бабы 4-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігі 7, 14-тармақтары (адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда," - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel