Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахмедов қарсыласын 30 секундта нокаунтқа жіберді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов Головкин-Деревянченко бокс кешінің андеркартында WBC белдігі үшін америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 9 КО) жекпе-жек өткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Instagram.com/kzsports
Видеодан кадр: Instagram.com/kzsports: UGC

Жекпе-жекке Ахмедовтің еншісіндегі суперорта салмақ санатындағы WBC International Silver чемпиондық белдігі тігілген болатын.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Эрнандес 30 секундта ауыр соққы жіберіп алған соң, төреші айқасты жалғастыра алмайды деп шешті.

Нәтижесінде Ахмедов белдігін алғаш рет қорғады.

24 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820594-ahmedov-karsylasyn-30-sekundta-nokauntka-ziberdi-video/

pixel