RU

Головкиннің жекпе-жегінде қандай атақты адамдар бой көрсетті? (фото)

6 қазан күні Нью-Йорк қаласында өткен Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде көптеген танымал адамдар бой көрсетті. Олардың арасында қазақстандық жұлдыздар да болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/dazn_usa
Фото: twitter.com/dazn_usa: UGC

Жанкүйерлер арасында актер Уэсли Снайпс, швед актрисасы Нуми Рапас, "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы капитаны Уэйн Руни болды.

Отандық спортшыны қолдап белгілі шоумен Нұрлан Сабуров, режиссер, клипмейкер Айсұлтан Сейтов те арнайы Нью-Йорк қаласына барған.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы кездесу 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Головкин IBF және IBO нұсқасы бойынша чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1820628-golovkinni-zekpe-zeginde-kandaj-atakty-adamdar-boj-krsetti-foto.html