RU
"Жүргіш болып шықты": Жігітінің қандай екенін білген ару мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Жүргіш болып шықты": Жігітінің қандай екенін білген ару мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Жігітінің жүргіш екенін білген бойжеткен көптен кеңес сұрады. Сүйіктісінен көңілі қалған ару онымен айырылыспақ ойы бар екенін де жасырмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бойжеткен өзінің жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған.

"Сәлеметсіздер ме, сіздерге амалсыздан жазып отырмын. Айтайын дегенім, егер интернетте адамның телефон номерін жазса, оның қайда тіркелгені, желідегі парақшалары – бәрі көрініп тұрады.

Өкініштісі менің жігітімнің номері жезөкшелердің сайтында да бар болып шықты. Ол тіпті ондай немен айналысатынын, қандай қызмет түрлерін көрсететін жазып қойған. Осылайша сүйгенім жүргіш болып шықты.

Онымен енді қалай әңгімелесетінімді де білмеймін. Не істеуім керек? Өздеріңіз де түсінген боларсыздар, әзірге ешкімге тіс жарып, айтпадым. Бірақ алдағы уақытта бізбен не боларын, онымен қалай араласатынымды білмеймін. Ал себебін айтпай тастап кетсеп, тағы бір түрлі болатын сияқты. Сіздердің кеңестеріңіз керек болып тұр", - деп жан сырын ақтарған бойжеткен.

Желі қолданушылары аруға сабыр сақтап, жігітіпен ашық сөйлесу туралы кеңестерін айтқан.

"Ашық сөйлесіп көріңіз, мүмкін достары жазып қойған шығар", "Егер шынымен номері көрінсе, рас болар, айтқанына сенбеңіз", "Өзімен жеке сөйлесіңіз", "Сабырлы болыңыз, бәлкім осылай болғаны дұрыс та шығар" - деген тілектерін жарыса жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel