Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анандидің қайын атасы": Жазира Байырбекова күйеуін танымал үнді актеріне ұқсатты (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова жолдасы Жанболат Ербатыровтың танымал үнді актерімен ұқсастығын байқап, халықпен бөлісті. Өз күйеуі мен шетелдік әртісті салыстырған отандық әншінің жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байырбекова сүйіктісі мен үнді актерінің суреттерінен коллаж жасап, Instagram желісінде жариялаған.

Өнер иесі олардың өзара ұқсастығы жайында оқырмандарынан сұрап көрмек болыпты.

"Бірінші жігіт Жанболат Ербатыров қой. Екіншісін танымадым. Ұқсайды дейді.Ұқсай ма?" , - деп сұрады көпшіліктен Жазира.

Бұл сауалға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қос әртістің бір-біріне қатты ұқсайтынын жазса, енді бірі олардың мүлде ұқсамайды деп есептейді.

"Ұқсайды екен шынымен" , "Аумайды бір-бірінен" , "Расымен ұқсайды ғой" , "Жанболатты біреуге қатты ұқсататынмын. Енді түсіндім кімге екенін" , "Анандидің қайын атасы ғой" , "Мүлде ұқсамайды" , "Ұқсастық көріп тұрғам жоқ" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820914-anandidi-kajyn-atasy-zazira-bajyrbekova-kjeuin-tanymal-ndi-akterine-ksatty-foto/

pixel