Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нұр-Сұлтанды дамытып, жаңа белестерге шығармақшы (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда елорданы одан әрі дамыту мәселелері бойынша жиын өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елорданың жылдан жылға дамып келе жатқанын айтты.

"Бүгінде еуразияның жүрегінде орналасқан елордамыз ірі саяси-экономикалық, мәдени және білім орталығы болып қалыптасты". - деді ол.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын ары қарай дамытып, жаңа белестерге шығару алдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін жеткізді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сондай-ақ, Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар жетістігіне тоқталды.

"Біріншіден, елордамыздың экономикасы соңғы жылдарда ойдағыдай дамығанын атап өту қажет.

21 жыл ішінде ішкі өңірлік өнім шамамен 5,5 есеге өсті. Бұған құрылысты күшейту, бизнесті дамыту және инвестия тартудың арқасында қол жеткізілді.

Қала экономикасына 9 трлн теңгеден астам инвестиция құйылып, 2018 жылы бюджетке 1,1 трлн теңге түсті. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді", - деді ол.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1820956-zaa-belesterge-sygaru-tokaev-nr-sltan-kalasyny-damuy-turaly-ajtty-foto/

pixel