Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі азайды

Опубликовано:

Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 31,8 мың теңгені құрады. Аталған деректер тамыз айына қарағанда 1 пайызға төмен болып отыр. Бұл туралы Finprom.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сараптамалық порталдың ақпаратына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күнкөріс деңгейі 10,7 пайызға артқан. Өткен жылдың қыркүйек айында аталған көрсеткіш 28,7 мың теңгені құраса, биыл 31,8 мың теңгеге жеткен.

Қазақстанның тек төрт өңірі қыркүйек айында осы көрсеткіштің өсуін көрсетті, ол бүкіл ел бойынша орташа мәннен асып түсті.

Ал ең көп күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді. Өңірде ең төменгікөрсеткіш өткен жылы 36,1 мың теңгені құраса, биыл 39,4 мың теңге болып отыр.

Одан бөлек, үздік үштікке Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары кіреді. Мұнда бұл көрсеткіштер 36,4 мың және 35,3 мың теңгені құрайды.

Аталған сандардың ең төменгі көрсеткіші Павлодар облысында - 27,7 мың теңге, Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда облысында 28,8 мың теңгемен тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821091-kazakstanda-e-tmengi-knkris-degeji-azajdy/

pixel