Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова немересінің бір жасқа толуын дүркіреп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер Ақмөр есімді немересінің бір жасқа толуына орай барша туған-туыс пен достарға дүбірлі той жасады. Мерекелік шараға бірқатар отандық эстрада жұлдыздары құттықтай келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды жанұя Ақмөрдің туған күнін елордадағы қымбат мейрамханаларының бірінде өткізген. Думанды тойға танымал отбасының барлық мүшелері білек сыбана атсалысты.

Қайрат Нұртас жиені үшін ел алдында ән шырқап, қонақтардың көңілді отыруын барынша қамтамасыз етуге тырысқан.

Айдарбековтердің қуанышына көптеген шоу-бизнес өкілдері ортақтаса келген. Олардың арасында Алтынай Жорабаева, Индира Расылхан, Әділ Сламхан, Дана Маханбаева, Ғани мен Бота және тағы да басқа жұлдыздар бар.

Өнер иелері мерекелік шара кезінде сурет пен видеоға армансыз түсіп, бейнематериалдармен Instagram желіде бөліскен.

Айта кетейік, Ақмөр Айдарбековтердің ортаншы ұлы Аянның қызы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821146-glzira-ajdarbekova-nemeresini-bir-zaska-toluyn-drkirep-atap-tti-foto-video/

pixel