RU
Ойыншық аю өлім аузында жатқан адамды құтқарып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ойыншық аю өлім аузында жатқан адамды құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Чикаго штатында жедел жәрдем қызметкері оқ тиіп жараланған ер адамның өмірін жұмсақ ойыншық аюдың көмегімен сақтап қалды деп жазады "Известия" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ер адам әйелі және қызымен бірге көлікте кетіп бара жатқанда кездейсоқ атылған оқ оның бетіне тиген. Осы сәтте жедел жәрдем қызметінің мейіргері оқиғаны көріп қалып, жаралы адамға шұғыл көмек көрсетеді.

Ол ер адамның жанынан жұмсақ аюды көріп, қанды тоқтату үшін ойыншықпен жараның бетін таңған. Ауыр жағдайда болғанына қарамастан америкалық жігіт есін біліп, мейіргермен сөйлесіп отырыпты.

Қазір дәрігерлер науқастың жағдайы жақсы екенін, тез сауығып келе жатқанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel