RU
Талдықорғанда аз қамтылған жанұя балалары тегін доп тебетін болды

Талдықорғанда аз қамтылған жанұя балалары тегін доп тебетін болды

Рассказать Вконтакте

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Nur Otan партиясының қолдауымен Талдықорған мектептерінде әлеуметті тұрғыда аз қамтылған отбасы балаларына арналған тегін футбол үйірмелері ашылды деп хабрлайды KAZ.NUR.KZ.

Талдықорғанда аз қамтылған жанұя балалары тегін доп тебетін болды

Талдықорған секцияларына болашақ Мессилер мен Неймарларды үш жас ерекшелігі бойынша қабылдайды: 6-8, 10-12, 14-16 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Талдықорғандағы футбол мектебі жобасы осыған дейін де салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортты дамытуға күш салып жүрген қазақстандық "Олимп" букмекерлік кеңсенің тікелей көмегімен жүзеге асырылып отыр.

"Біз үшін бұл өте маңызды жоба. "Олимп" БК үшін өзіне қойған басым бағыттардың бірі - өз таланттарымызды қолдау. Жоғары класты спортшыларды дайындау жұмыстары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жүктелгенін жақсы түсінеміз.

Бұл жерде болашақтағы жеңістерге ұпай тігіп отырғанымыз өз алдына, елдегі әр балаға өз мүмкіндігін ашуға мүмкіндік беру маңызды. Аталған жоба футболды жаны сүйетін аз қамтылған отбасы балаларын қолдауға бағытталып отыр.

Біз 700-ден астам балаға футбол киімдерін тарту етеміз. Жаттығу жұмыстарын сертификатталған бапкерлер жүргізеді", - деді "Олимп" БК өкілі Әсел Әлімжанова.
Талдықорғанда аз қамтылған жанұя балалары тегін доп тебетін болды

Сонымен қатар, оның айтуынша, секциялар Алматы облысындағы Nur Otan филиалының қолдауымен ашылып отыр. Балаларды қабылдау жөнінде хабарландыру жергілікті қалалық пабликтерде жарияланды.

«Жалпы алғанда, Алматы облысында мемлекет басшысының бастамалары мен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстар қолға алынып келеді.
Жеке компаниялардың балаларға бағытталған әлеуметтік жобаларға ден қойып жатқаны қуантады. олимп компаниясының жобасы Талдықорған қаласындағы балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына үлкен әсер ететінінесенімдіміз" - деп атап өтті Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметкері Бағдагүл Ахметжанова.
Талдықорғанда аз қамтылған жанұя балалары тегін доп тебетін болды

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel