RU

Қарсыласына аяқ көтеріп амандасқан қыз оңбай таяқ жеді (видео)

Австралиялық спортшы Надя Кассим UFC аясындағы жекпе-жек кезінде ерсі әрекет көрсеткені үшін сазайын тартты. The Sun хабарлауынша, оқиға Мельбурндегі UFC 243 турнирінде болған.

trgttt
Фото: AFP 2019: Facebook

Жекпе-жектің басында дәстүрлі қол алысу кезінде Кассим қарсыласымен амандасқысы келгендей кейіп танытып, оны бір тебеді.

Дегенмен ол бұл жымысқы әрекеті үшін бірден сазайын тартты – бір секундтан кейін оңтүстіккореялық Джи Йон Ким оны нокдаунға жіберді.

Нәтижесінде жекпе-жек екі раундқа созылып, австралиялық спортшы техникалық нокаутпен ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821344-karsylasyna-aak-kterip-amandaskan-sportsy-kyz-obaj-taak-zedi.html