RU
Шетелдіктерге шекара аймағындағы жерлерді ұсынуға тыйым салынады
Жаңалықтар Қоғам

Шетелдіктерге шекара аймағындағы жерлерді ұсынуға тыйым салынады

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаттары екінші оқылымда АӨК-те мемлекеттік саясат тиімділігін арттыруды қарастыратын "Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде" заң жобасын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Осылайша, заң жобасында ерекше қорғалатын аумақтағы жерлерді босалқы жерлерге ауыстыруға шектеу қою, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалануды бақылау тетіктерін жетілдіру, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктермен қатысы бар қазақстандық заңды тұлғаларға шекара аймағында орналасқан ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді ұсынуға тыйым салу енгізіледі.

Су ресурстары саласында көпфункциялы сараптама жүргізу, техникалық жай-күйін бағалау мақсатында су шаруашылық, гидромелиоративтік жүйелер мен құрылыстардың пайдалану ережелерін бекіту бөлімінде уәкілетті органның, ведомство мен бассейн инспекциясының құзыретін айқындау бойынша нормалар енгізілді.

Орман шаруашылығы саласында орман ресурстарын пайдалануды, қорғауды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел әрекет ету шараларын тексеруді жүзеге асыру ережелерін бекіту бойынша нормалар енгізілді.

Сондай-ақ флора мен фауна саласында браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары қатаңдатылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel