RU
25 жастағы ғалым мұхитты құтқаратын құрылғы жасап шығарды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

25 жастағы ғалым мұхитты құтқаратын құрылғы жасап шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жас голландиялық ғалым айына 5 тонна пластик жинай алатын құрылғы ойлап тапты. Осындай тұзақтың 60 данасы мұхиттағы қоқыс қалдықтарын 90% тазалай алады деп жазады Instagram желісіндегі Tok_media парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Боян Слат. Фото: bigpicture.ru

Боян Слат. Фото: bigpicture.ru

Бұл құрылғыны 25 жастағы голландиялық жас өнертапқыш Боян Слат ойлап тапқан.

Ол қоқыс алаңына жасанды жағажай шебін жасауды ұсынған. Барьер зәкір арқылы байланып, су ағысымен жүзеді. Осы арқылы пластик қақпанға түседі.

Қақпан спутник арқылы бақыланып отырады және бірнеше айда бір рет кеменің көмегімен шығарылады.

"Бір кездері тас ғасыры болды, одан кейін қола дәуірі, ал қазір пластик ғасыры. Жыл сайын 300 млн тонна пластик өндіреміз және оның қалдықтары өзендерге, су жолдарына, ерте ме кеш пе мұхитқа түседі", - дейді өнертпқыш.

Қымбат жобаны инвесторлар да қолдаған. Бір жыл бұрын оның бірінші нұсқасын шығарып, іске қосқан. Алайда жүйе бүкіл жиналған қоқысты өзіне ұстай алмапты.

Дегенмен Боян берілмей, соңғы сынағы сәтті аяқталып, құрылғыны одан да жақсы етіп жасаған. Енді голландиялық азамат осындай құрылғының тағы 60 данасын жасап, мұхиттағы қоқыстың көзін түбегейлі құртуды көздейді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel