RU

"Жұмыстан кетуге мәжбүр болып отырмыз": Атыраулық дәрігерлер Тоқаевқа хат жазды

Telegram logo VKontakte logo

Атырау облыстық перинаталдық орталығының 23 қызметкері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады деп хабарлайды Ақ жайық газеті

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басылым мәліметінше ,мемлекет басшысына хат 10 қазан күні жолданған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іс сотқа жетпей жатып БАҚ-на ақпарат таратып үлгерді.  Бұл перинаталды орталық дәрігерлерін қылмыскерлермен қатар қойғанмен бірдей деген сөз. Дәрігерлерге деген халық наразылығы одан сайын күшейді.
Біз өз әріптестерімізді ақтап отырғанымыз жоқ, олардың кінәсін тиісті органдар дәлелдейтін болады. Бізді істің ақ-қарасы шешілмей жатып, біздің бәрімізді қылмыскер деп танытқандары қынжылтып отыр. Мұндай жағдайда өз міндеттерімізді толыққанды атқару мүмкін емес, сондықтан да біз жұмыстан кетуге мәжбүр болып отырмыз", - делінген 23 қызметкер қол қойған хаттың мәтінінде.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталды орталық директоры Қуаныш Нысанбаев және акушер-гинеколог Асқар Қайыржан жаңа туған баланы өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің болжамы бойынша, нәрестені өлі туды деп толтырылған құжатты қайта өзгертпеу үшін баланы тоңазытқыш камерасына  салған.

Бұл іс қоғамдық резонанс тудырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Жұмыстан кетуге мәжбүр болып отырмыз": Атыраулық дәрігерлер Тоқаевқа хат жазды