RU
Бердімұхамедовпен кездеседі: Тоқаев Ашхабадқа ұшып барды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бердімұхамедовпен кездеседі: Тоқаев Ашхабадқа ұшып барды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com Берік Уәли

Фото: facebook.com Берік Уәли

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Қазақстан президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.

ТМД елдері басшыларының саммитінде мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ", - деп жазды Берік Уәли.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel