RU

"Мәңгілік ештеңе жоқ": Нұрлан мен Мұқасанның арасы неге үзілді

"Нұр-Мұқасан" тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзімен бір топта ән салған Нұрлан Қонысбаев екеуінің бөлек кетуіне қатысты пікір білдірді. Қос жұлдыздың қарым-қатынасының үзілгеніне үш жылдан астам уақыт өткен деп жазады Youtube желісіндегі "ShowNewskz" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шахзадаев кезінде өзіне бауырындай болып, кейін достығы үзілген Нұрланмен қазіргі кезде қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

"Өкінішке орай, Нұрлан екеуміз бөлек кеткелі, бөлек жұмыс бастағалы үш жылдың көлемі болды. Тіпті, айта-айта шаршадық.

Нұрлан өз шығармашылығымен, мен өзімнің шығармашылығыммен айналысудамын. Бір бірімізді көргенде құшақ жая амандасамыз.

"Нұр-Мұқасанды" сағынбау мүмкін емес. Себебі, 27 жыл бойы халықтың көкейінде жүрген топ. Әрине, өзімізде де сағыныш болады. Бірақ, мәңгілік ештеңе жоқ. Өмір болғаннан кейін бәрін көре білеміз", - деді Шахзадаев.

Аталмыш топта өнер көрсеткен екі әнші де бүгінде жеке шығармашылығымен айналысып жүр.

Алайда, отыз жылға жуық сахна төрінен түспеген топты сағынып, іздеуді ел тоқтатар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1821642-mgilik-estee-zok-nrlan-men-mkasanny-arasy-nege-zildi.html