RU
Түркістандық футбол командасы жеті ай бойы жалақы алмай келген
Жаңалықтар Спорт

Түркістандық футбол командасы жеті ай бойы жалақы алмай келген

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының "Қыран" футбол клубының футболшылары мен басшылары шенеуніктердің кесірінен жабылып қалудың сәл-ақ алдында тұрғанын айтып, шағымдануда. Сөздерінше, облыстық әкімдік түрлі тексеріс жасап, бюджетті қысқартып тастаған. Соның кесірінен футболшылар жеті ай бойы жалақы алмаған деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Кадр: "КТК" арнасы

Кадр: "КТК" арнасы

"Бірінші лигада ойнайтын өзге клубтардың жылдық бюджеті 1 миллиард теңгеден басталады. Ал, біздің 380 миллиондық қаржыны спорт басқармасы мен облыс әкімдігі 100 миллионға қысқартты. Сондағы оларға ұнамағаны – 1-ші лигадан бөлек, 2-ші лига мен жасөспірімдер командаларын жаттықтырғанымыз. Бірақ ол үшін қосымша қаржы сұрағанымыз жоқ", – дейді "Қыран" футбол клубының менеджері Наталья Казумян.

Клуб шенеуніктерге өңірдегі футболдың дамығаны емес, ақша ғана маңызды деген пікірде. Айтулары бойынша, өзге команданы жасақтау деген желеумен бюджеттен тағы ақша алуды көздейді. Олар күні кеше облыс әкімінің орынбасары мен спорт басқармасының басшысына барып мұңын айтыпты.

Спорт басқармасындағылардың пікірінше, "Қыран" клубында алаяқтар тым көп. Олардың дер кезінде берілген қаржыны дұрыс пайдаланбай, қазір осындай қиын жағдайда қалғандарын айтады.

"Келесі жылы Құдай қаласа "Қыран" командасының атауы "Тұран" болып өзгеріп, премьер лигаға шығады. Ол үшін жағдайдың бәрін жасаймыз. Тек небір алаяқтар жүр, солар кетсе болды", – дейді Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel