RU
Мамин шейхтарға Қазақстан қорықтарында аң аулауға рұқсат берді
Жаңалықтар Қоғам

Мамин шейхтарға Қазақстан қорықтарында аң аулауға рұқсат берді

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин араб шейхтарына Қазақстан қорықтарында жек дуадақтарға ителгімен саятшылық жасауға рұқсат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik/Ксения Никольская

Көрнекі фото: Sputnik/Ксения Никольская

Премьер-министрдің қолы қойылған Министрлер кабинетінің тиісті Қаулысы ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің "Әділет" сайтында жарияланды.

Құжатта үкімет төрт араб шейхіне (үшеуі БАӘ-ден, біреуі Катардан) ағымдағы жылдың 10 қазаны мен 15 қарашасы аралығында өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық жасауға рұқсат берді деп айтылған.

Олар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының қорықтарында аң аулайтын болады. Әрбір ауланған құс үшін олар 260 АЕК (656 600 теңге) төлеуі тиіс.

Жоғарыда аталған өңірлердің әкімдеріне шейхтарға аң аулауды ұйымдастыруға қажетті көмек көрсету тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз
108
4
4
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel