Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев елорданы Түркістан қаласына ауыстыруды ойлағанын айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбаты барысында жақында ғана құрылған Түркістан облысы жайлы сөз қозғап, тіпті елорданы Түркістан қаласына ауыстыруды ойлағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz: UGC

Тағы оқыңыздар:

Елбасы таңдауының неліктен дәл Тоқаевқа түскенін айтып берді>>>

Нұрсұлтан Назарбаев: "Билікті алғаннан, оны берген жақсы>>>

"Оларды аяймын": Назарбаев шетелдегі қашқын ұрылар туралы сөз қозғады>>>

"Ол көптен ойда жүрген мәселе еді. Тіпті елорданы таңдаған кезде де мен соны ойлағанмын. Ол кезде Түркістан кішігірім қала. Елорданы ол жерге апара алмайтын болдық.Себебі, ол біздің рухани орталығымыз.Тіпті, түрік әлемінің рухани орталығы.Қожа Ахмет Йассауидің шығармалары мен ой-пікірі сол жерден шыққан.

Сондықтан, осындай белгілі, тарихта баяғыдан жазылып келе жатқан қала. 1500 жылдық тарихы бар. Сол үшін одан да қаланы жандандырып, оңтүстігімізде халық жеткілікті құдайға шүкір.

Көптен бері оны қалай жасаймыз деп ойлап келе жатыр едім. Астананы салғаннан кейін, оған онша қаражт та болған жоқ. Шымкент миллион халқы бар қала болғаннан кейін, оны орталыққа бағынатын тікелей Алматы сияқты қала жасадық. Облыс орталығынан кетті.

Сондықтан мен Түркістанды облыс орталығы деп жарияладым. Түркістан облысын жарияладым. Өздеріңізге мәлім, барлық түркі тілдес мемлекеттер оны қолдады. Мен дұрыс шешім деп ойлаймын. Керемет қаланың орталығы салынып жатыр, неше түрлі мұражайлар салынып жатыр. Қазақ пен түрік тарихының мұражайлары, үлкен ғимараттар, қонақ үйлер, медиа орталықтары, мектептер, ауруханалар, саябақтар" , - деді Назарбаев.

Елбасы Шымкент халқының саны миллионға жеткені мен жаңа Түркістан облысының құрылғанына қуанышты екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821791-nazarbaev-elordany-trkistan-kalasyna-auystyrudy-ojlaganyn-ajtty/

pixel