Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда күнінде сексуалды би орындаған Жолдыбаева жұртқа жақпады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы көпшілікке сылқымның ашық образдағы өнер көрсетуі ұнамай қалған. Әлеуметтік желілерде әртістің аяғын жалтыратып, жұлқына билеген видеосы тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызылордалықтарды қала күніне орай ұйымдастырылған концертте қуантпақ болған әнші жұрттың сынына қалды. Жолдыбаева сахнаға бір аяғы толықтай жалаңаш болған көк түсті көйлек киіп шыққан.

Оған қоса, видеодан өнер иесі өзінің атышулы "Карамель" әнін орындау барысында сексуалды би билегенін көруге болады.

Желі қолданушыларының басым бөлігі ауқымды әрі аса маңызды шараға ашық-шашық киінген шоу-бизнес жұлдызын сынап тастады.

"Көйлекті қор қылды" , "Бір нәрсе жетіспей жүрген сияқты осы қызға" , "Масқара, соңғы кездері тек қана жалаңаш шығатын болған" , "Жиіркенішті", "Қызылорда күніндегі концертте ғой" , "Өзін керемет санап тұр. Несіне?" , "Сахнаға санын жалтыратып шыққаны несі" , "Ашық-шашық шыққаны үшін айыппұл қою керек" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1821951-kyzylorda-kninde-seksualdy-bi-oryndagan-zoldybaeva-zrtka-zakpady/

pixel