RU

Назарбаев Жапония императорына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония императоры Нарухитоға арналған жеделхаты Елбасының ресми сайтында жарияланған.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев табиғат апаты мен нөсерлі жаңбыр салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Сізге, сондай-ақ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822020-nazarbaev-zaponia-imperatoryna-kil-ajtty.html