RU

Алматыдағы төтенше жағдай: Су басқан көлік ішінде ер адам қалып қойған (фото)

Алматыда ірі коммуналдық апат болды. Оның себебі, тозығы жеткен жылу тасығыш жарылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Оқиға Райымбек даңғылына жетпей, Бекмаханов көшесінде сағат 12.20-да болған.

"Құбыр ескі, оған 40 жыл болған. Ауыстыру келесі жылға жоспарланған. Қазіргі таңда судың атқылауы тоқтатылды, қазір тартып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді "Алматы жылыту желісі" ЖШС баспасөз хатшысы Наталья Инкина.

Белгілі болғандай, оқиғаның нәтижесінде үш автокөлік су астында қалған, зардап шеккендер жоқ.

Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Жүргізушілердің бірі су басып жатқанда көліктің ішінде болған. Оны шығарып алуға тура келген, алайда ол ауруханаға барудан бас тартқан.

"Ол шалшықтан өтіп кетемін деп ойлаған, бірақ оның дөңгелегі жарылған. Дәрігерлердің сөзінше, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деді Наталья Инкина.
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Оқиға орнында коммуналдық қызметкерлер жұмыс істеуде, жеде жәрдем көліктері де бар. Полиция аймаққа өтер жолды жауып тастады.

Пайдалану мерзімі өткендіктен жылу тасығыш өздігінен жарылғаны хабарланды.

"Оқиғаның салдарын жою жұмыстары кешкі сағат 9-да аяқтау жоспарланған. Автокөлікке келген шығын мәселесі: "АЖЖ" ЖШС сақтандыру төлемдері қарастырылған, бағалаған соң жүргізуішілерге бәрі өтеледі", - деді Жетісу ауданының әкім Мақсат Кикимов.
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев
Фото: NUR.KZ/Тимур Ниталиев: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1822070-almatydagy-ttense-zagdaj-su-baskan-klik-isinde-er-adam-kalyp-kojgan-foto.html