RU
"Қартайған бұқа": Беделді журнал Головкин туралы мақала жариялады

"Қартайған бұқа": Беделді журнал Головкин туралы мақала жариялады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Boxing News британдық журналының жаңа нөмірінің мұқабасына шықты. Басылым материалында Нью-Йоркте 5 қазан күні өткен Головкин-Деревянченко жекпе-жегіне толықтай сараптама жасауды жөн көрген деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Боксқа арналған ең ежелгі журналдың негізі 1909 жылы қаланған.

Қазақстандық боксшының украиналық қарсыласымен жекпе-жек барысында жұдырықтасқан сәті журнал мұқабасына шыққан.

Басылым бұл мақаланы былай деп атады: "Қартайған бұқа: Геннадий Головкин шекараны кесіп өтпекші, бірақ ол жеңуге лайық па еді?"

Ал материалдың мәтінінде Головкиннің мансабы кері кете бастағаны және оның ең жақсы көрсеткіштері артта қалғаны жазылған.

Алайда басылым дәл осы нәрсе бұған дейін Головкинмен үшінші рет жекпе-жектен бас тартқан Сауль Альварестің пікіріне әсер етуі мүмкін деп атап өтті.

Мақалада әр спортшының беріле бастайтын кезеңі болатындығы айтылған. Автор Джек Хирштың жазуынша, Головкин үшін бұл уақыт оның 37 жасында келді.

"Ол әлі де элиталы спортшы, ол жай ғана топтың басшысы емес", - дейді журналист.
Мұқаба фотосы: boxingnewsonline.net

Мұқаба фотосы: boxingnewsonline.net

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel