Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол апатына түсіп, ұлы мен әкесінен айырылған футболшы есін жиды

Опубликовано:

Қорқынышты жол апатына түскен қазақстандық футболшы Илья Байтеряков есін жиды деп жазады Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Илья Байтеряков. Фото: fc-altay.kz
Илья Байтеряков. Фото: fc-altay.kz: UGC

Оның жағдайы әлі де тұрақты ауыр.

Спортшы кіші ұлы мен әкесінен айырылғанын білмейді. Оның үлкен ұлы да ауруханада жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін Семей-Өскемен тас жолындағы жол апатының нәтижесінде қақпашы Илья Байтеряков зардап шекті.

Автокөлік ішінде оның бүкіл жанұясы: ата-анасы, жұбайы және екі баласы болған. Байтеряковтың әкесі мен кіші ұлы көз жұмды.

Спортшының өзі мен үлкен ұлы қатты жарақат алған. Олардың жағдайлары ауыр деп бағалануда. Байтеряков комаға түсіп қалған болатын.

Оның жұбайы мен анасы да жараланған, алайда өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Апат кезінде Ильяның миы, кеудесі, иық буыны, сондай-ақ омыртқасы жарақат алған.

Кейінірек спортшының комадан шыққаны белгілі болды. Дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822123-zol-apatyna-tsip-ly-men-kesinen-ajyrylgan-futbolsy-esin-zidy/

pixel