Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен клоун емес, әртіспін": Say Mo Ақтауда өнер көрсетуден бас тартты

Опубликовано:

Say Mo лақап атымен танылған жас қазақстандық әнші Мөлдір Есембек Ақтаудағы гастрольдік сапардың ұйымдастырушыларымен болған жағымсыз жайтты айтып берді. Әнші енді бұл қалада өнер көрстпейтіні мен жанжал туралы Instagram парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен әлеуметтік желіде барынша ашық жазба қалдырды.

Say Mo Ақтаудағы концертін ұйымдастырушылармен арада болған жанжал мен олардың дөрекілігі туралы жайып салды.

"Мен ешқашан дөрекілік жасауға жол бермеймін, әсіресе түсініксіз адамдарға", - деп бастады әнші.

Say Mo-ның айтуынша, сахнаға шығар алдындағы дайындық кезінде оған менеджер келіп, ұйымдастырушылардың сөзін жеткізеді.

Олар түн ортасы болып кеткендіктен, балалар үйлеріне қайтуы керек деп әншіден сахнаға шықпас бұрын кішкентайлармен суретке түсуді өтінеді.

Әнші қуана келісіп, гримдеу бөлмесінде кішкентай тыңдармандарымен суретке түседі. Алайда олардың кетуге асықпайтыны белгілі болады.

"Сонымен гримдеу бөлмесінде шамамен 15 адам отырды. Ойлап көріңізші? 15!", - деді ол.

Өнер иесі бірер минуттан соң саханаға шығатынын ойлап мұнымен де келіседі.

"Осы кезде біреу келіп, маған"Сен, тыңда! Телефоннан шығып, бізбен сөйлесуге болмайды ма?" деді. Мен шынымен түсінбедім де мынадай дөрекілік маған бағытталған ынтүсіну үшін "Не?" деп сұрадым", - деп есіне алды әнші.

Ер адам айтқанын қайталап, ғимараттың иесі екенін айтыпты.

"Қысқасы, егер мен сіздермен кездессем, дандайсудың қажеті жоқ! "Менің" гримдеу бөлмемде отырып, маған не істеу керек екенін айту. Жоқ, ешқашан жол бермеймін!
Екіншіден, мен - әртіспін, клоун емеспін! Мен гримдеу бөлмесінде сіздердің және балаларыңыздың көңілін көтеру үшін емес, сахнада ән айту үшін келдім. Қысқасы бұл ұйымдастырушылар да Ақтаудағы алғашқы өнер көрсетуімді ұйымдастырғандар сияқты қара тізімге енді", - деді Say Mo.

Белгілі болғандай, Ақтаудағы алғашқы концертті ұйымдастырушылармен де жағымсыз жағдай болған.

Одан бөлек, Say Mo-ның сөзінше, олар гонорардың қалған бөлігін әлі төлемепті.

"Рахмет, Ақтау! Бұдан соң сіздердің керемет қалаларыңызда өнер көрсетпеймін", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822423-men-kloun-emes-rtispin-say-mo-aktauda-ner-krsetuden-bas-tartty/

pixel