RU
"Емделген соң ауруы қайта басталды": Алматылық бес жасар бала қанның қатерлі ісігімен күресуде

"Емделген соң ауруы қайта басталды": Алматылық бес жасар бала қанның қатерлі ісігімен күресуде

Рассказать Вконтакте

Бір жарым жыл бұрын 5 жасар Заңғар Сайфуллаға қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Ғылыми зерттеу институтының педиатрия және хирургия бөлімі баланы емдеуді бірден бастаған. Сегіз айға созылған алғашқы емдеу курсынан соң, баланың беті бері қарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заңғар Сайфулла. Жеке архивтегі фото

Заңғар Сайфулла. Жеке архивтегі фото

"Бірақ үш айдан соң ауруы қайта басталды. Бұл жолғы емдеу сәтсіз болды. Ауыр химиятерапиядан басқа да органдар зардап шекті. Сондай-ақ, гормондар бұзылып, ол артық салмақ қосуына әкелді.
Біздің елде нәтижесіз жасалатын жілік майын трансплантациясын жасауды ұсынып отыр. Біз қазір Сеулдеміз, химиятерапия алып жатырмыз. Тек жақсылыққа үміттенеміз, бірақ біздің өз күшімізбен жинаған қаржымыз жетпейді.
Ота жасау құны 162 мың доллар шамасында болып отыр, бұл біз үшін ауыр сома. Біз көмек сұраймыз! Одан бөлек, балаға химиятерапия сенанстары керек, оның курсы 12 000 доллар тұрады. Соманы 1 қарашаға дейін жинауымыз керек", - деп хабарлады баланың ата-анасы Мәулен Қоспанов пен Гүлназ Балғаева.

Реквизиттер:

Kaspi Gold: 8707-981-87-07 (анасының әпкесі Ақбота Бексұлтанқызы Туғанбаева)

ЖСН 961213400610

Карта нөмірі: 5169 4931 2952 1566 ⠀

Qiwi кошелёк: 8707-981-87-07

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel