Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда бұрынғы әкім жол апатынан кейін бөтен көлік дөңгелегін пышақпен тесті

Опубликовано:

Көкшетауда Ақжар ауданының бұрынғы әкімі даулы оқиғаға тап болды. Экс-шенеунік жол апатына түсіп қалды. Бұл оқыс оқиғаға қатты ашуланған ол бөтен көлік дөңгелегін пышақпен тесе бастады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайыргелді Әкімбеков. Фото: видеодан кадр
Қайыргелді Әкімбеков. Фото: видеодан кадр: Facebook

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер жолда келе жатып, өзге көлікпен соқтығысып қалды. Телеарнаның мәлімдеуінше, экс-шенеунікке бөтен көліктің иесі оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақыртқаны ұнамай қалған болу керек.

Ашуға булыққан ер адам пышақ алып шығып, өз қарсыласының шиналарын тесе бастаған. Өзінің бұл әрекетін іске асыру барысында азамат өзге көлік иесіне бейәдеп сөздер жаудырған.

Жол апатына куә болған өзге көлік жүргізушілері оқиғаға қатысы бар шенеуніктің іс-қимылын видеоға түсіріп алған.

Оқиға орнындағы бейнежазба желіде тарап кеткен соң, ондағы ер адамның Ақжар ауданының бұрынғы әкімі Қайыргелді Әкімбеков екені белгілі болды. Қазіргі таңда ол жергілікті газетаның бас редакторы қызметін атқарып жүр.

Полиция өкілдері оқиға фактісімен "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталып кеткен.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822565-kksetauda-bryngy-kim-zol-apatynan-kejin-bten-klik-dgelegin-pysakpen-testi/

pixel