RU
Жойқын соққыдан кейін комаға түскен боксшы көз жұмды (видео)

Жойқын соққыдан кейін комаға түскен боксшы көз жұмды (видео)

Рассказать Вконтакте

Америкалық боксшы Патрик Дэй жекпе-жек кезінде жойқын нокауттан кейін комаға түсіп, сол күйі есін жимады. Қайғылы оқиға жайлы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Патрик Дэй өзінің жерлесі Чарльз Конвеллмен жекпе-жек өткізді. Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Жойқын соққыларды өткізіп алған боксшы нокаутқа түсіп, төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Ауруханаға бара жатқанда ол комаға түсті. Чикаго ауруханасының дәрігерлері спортшының миына шұғыл ота жасады.

"WBC мен ұйым президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қазасына байланысты көңіл айтады. Ол 12 қазан күні бас-сүйек жарақатын алды. Патриктің жақындарының қайғысына ортақпыз", – деп жазылған WBC сайтында.

Боксшының қарсыласы Чарльз Конвелл де болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

"Мен ешқашан мұндай жағдайдың болғанын қаламадым. Мен тек жеңіске жеткім келді", – дейді ол.

Айта кетейік, Патрик Дэй 22 кездесу өткізіп, 17-сін жеңіспен (16 нокаут) аяқтады. Төрт жекпе-жекте жеңіліс тауып, біреуінде есеп тең болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel