Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ары кетсе, 10 теңгеге өсуі мүмкін": Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәжіліс отырысында бензин акцизінің бағасын көтеру жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде, жанармай бағасының қымбаттауына алып келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Бүгінде бір литр бензин акцизінің бағасы 8 теңгені құрайды. Қазір оны 10 теңгеге қымбаттату талқыланып жатыр, сөйтіп бір литр бензиннің акцизі 18 теңге болмақ. Бұл жаңашылдық мұнай өнімінің барлық түріне қатысты. Сәйкес қаулының жобасы қоғамдық талқылауда, түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Болжалды мерзімі – 1 желтоқсаннан бастап", – деп атап өтті министр.

Ол бұл шараның бюджетті шоғырландыру мақсатында жасалып жатқанын жеткізді.

"Өздеріңізге белгілі, бюджеттік шығындар едәуір өсті, соның ішінде, әлеуметтік міндеттемелер де. Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалған шығындар 45%-дан асып кетті. Әрине, бюджетті шоғырландыру қажет, соның ішінде, акциздердің қазыналық функциясы арқылы", – деді Руслан Даленов.

Ол сондай-ақ жанармай бағасының қымбаттайтынын тілге тиек етті.

"Мен көршілес елдерде жанармай бағасының бізден қымбат екенін естідім. Мен бұл мәселемен кешенді түрде айналысу қажет деп есептеймін. Бағаның екі есе өсуі, әрине, ақылға қонбайды. Барлығы да табыс мөлшеріне сәйкес болуы қажет. Менің ойымша, 6 пайызға, ары кеткенде 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін", – деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензин бағасының Ресей деңгейіне жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822662-ary-ketse-10-tegege-sui-mmkin-kazakstanda-benzin-bagasy-kymbattajdy/

pixel