Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәлиева: 16% ер адам - белсіз, 30% әйел - бала көтере алмайды

Опубликовано:

Бұрынғы балалар құқығын қорғаушы, мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті талқылау барысында Қазақстанда 25 жастағы ер адамдардың 16% белсіз, ал қыздардың 30% жүкті бола алмйтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Толығымен сау бала бірінші сыныпқа келеді, ал 11-сыныпта балалардың 34% -ы сколиозбен ауырады, оны емдеуге болмайды. Балалардың 72% -ы көру қабілетінің нашарлауынан зардап шегеді. Сондықтан бұл туралы ойлануымыз керек.

Бақылау комитеті бұл мәселелерді құрылыс комитетінде, экология комитетінде және Білім және ғылым министрлігінде көтеруі керек. Біз көп нәрсені жіберіп алдық. Бұл жағдайды бірге түзейік", - деді ол.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, балалардың мүгедектігі де артып жатыр. Аутист балалар саны 13 пайызға артқан.

Балалалардың жыныстық денсаулығына да қауіп төніп тұр.

"Бүгін, сіздердің мәліметтеріңізше, 25 жастағы ер адамдардың 16 пайызы - белсіз, ал қыздардың 30 пайызы жүкті бола алмайды", - деді депутат.

Ол сондай-ақ, бір дәрігерде балалар мен үлкендер қаралатын емхананы біріктіру тәжірибесіне де күмәнмен қарады.

"Бәрін асықпай, халықаралық стандарттарға сай жасау керек, оларға асықпай жақындау керек", - деп кеңес берді депутат.

Оған жауап ретінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаралып жатқан кодекстің балалар мен жастар денсаулығына бағытталғанын атап өтті.

"Осыған байланысты ұсынылған көптеген шараларды мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асыруға болады. Заңнама мүмкіндік береді.
Мен өз кезегімде біз балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жобалық кеңсені құрғанымызды айтқым келеді. Оның ішінде мектеп медицинасы, денсаулық сақтау нысандарын санитарлық бақылау", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822672-blieva-16-er-adam---belsiz-30-jel---bala-ktere-almajdy/

pixel