Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлігін үйінен тапқан: Екібастұзда жұмбақ жағдайда қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Екібастұзда 33 жастағы әйелді іздеп жатыр. Павлодар облысы ПД хабарлауынша, Екатерина Кокорина 9-қазанда кешке жоғалған. Ол құрбысының үйінен келе жатқан. Оны соңғы рет өз автокөлігімен дүкенге азық-түлік алу үшін барғанда көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полиция әйелдің өзінің Nissan Qashqai көлігімен кеткенін хабарлады.

Ерекше белгілері: бойы шамамаен 160 сантиметр, сары шашты; жаздық көйлек пен етік киген.

Полицейлер әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға жолдауды жөн көрген. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған. Белгілісі оны соңғы көрген адам қонаққа барған құрбысы.

Сондай-ақ, полиция жоғалған қыздың иномаркалы көлігі өзінің үйінің ауласынан табылғанын айтты. Көлік ішінде телефоны мен жоғалған күні сатып алған азық-түлігі табылған. Алайда көлік салонында қандай да бір жанжалдың ізі көрінбейді.

Қазір Екатеринаны іздеу жұмыстарына еріктілер, полиция және кионлонтар жүргізіп жатыр.

Павлодар облысы ПД жоғалған адам туралы кез-келген ақпаратты 102, (8-7187) 75-05-45, (8-7187) 75-05-45 нөмірлеріне хабарлауын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1822692-kligin-jinen-tapkan-ekibastzda-zmbak-zagdajda-kyz-zogalyp-ketti/

pixel