RU
"Ұятсыздар": Биші жігіттің үстіне шығып алған Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді

"Ұятсыздар": Биші жігіттің үстіне шығып алған Жолдыбаева елден оңбай сөз естіді

Рассказать Вконтакте

Шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева желіні тағы да шулатты. Бұл жолы өнер иесінің биші жігіт Дос Ұсабаевпен жабыса билегені жұртқа жақпай қалған. Көпшілік жұптың биін аса ерсі санап, оларды сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдің аяусыз сынына қалған видео биші Ұсабаевтың Instagram парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан Алтынайдың қысқа киім киіп алғанын аңғаруға болады. Жігітпен жұлқына билеген әнші соңында оны жерге құлатып, үстіне шығып алады.

Желі оқырмандарына Жолдыбаеваның бұл әрекеті ұнамай қалған. Олар аталмыш биді аса ашық әрі ерсі деп санап, өзінің азулы пікірлерін білдірген.

"Бұл видеоның мағынасы қандай? Не үшін түсірдіңдер?" , "Ақыр заманның белгілері" ,"Масқара" , "Жолдыбаева бұл ісің ұят енді", "Ұятсыздар" ,"Айтарға сөз ттаппай отырмын" , "Жолдыбаева ұялмаса Дос қайдаян ұялсын" , "Дұрыс емес мына қарындасымыздың жасап жатқан тірлігі. Осындай әрекеттерсіз де клип түсіруге болады ғой" , - деп жазып жатыр көпшілік.

Айта кетейік, желіні шулатқан бидің видеосын Алтынай Жолдыбаева да өз парақшасына жүктеп қойған. Алайда, ару негативтің көп боларын болжап, пікір қалдыруды шектеп тастаған болу керек.

Сіздің реакцияңыз
32
2
4
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel