RU
Шаңын қағып, оқуға кеңес беремін: Назарбаев "100 нақты қадам" ұлт жоспары жайлы айтты

Шаңын қағып, оқуға кеңес беремін: Назарбаев "100 нақты қадам" ұлт жоспары жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының мүшелеріне "100 нақты қадам" ұлт жоспарының шаңын қағып, онда ұсынылған қадамдарды оқып шығуға кеңес берді. Бұл туралы Елбасы мәжілісте үкімет пен партия мүшелерімен өткен кеңесте мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Назарбаев шенеуніктердің партияның сайлауалды міндеттеріне қатысты есебін тыңдап, "міндеттер орындалып жатыр, алайда толық мөлшерде емес" деді.

"Барлық міндеттерімізді орындауымыз қажет. Егер естеріңде болса, менің барлық жолдауларымда мен қаржымен қаптауға тырысқанмын. Айтылған нәрсе шетте қалмай, біз барлығын іске асырғанбыз. Қазірде солай жүру керек.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысында пунктердің тек жартысы ғана жасалынды. Мен сіздерге ұлт жоспарын көтеріп, шаңын қағып оқуға кеңес беремін. Онда болашақтағы даму үшін қажетті нәрселер салалар бойынша жазылған" , - деді тұңғыш президент.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel