RU

Егіз мейірбикелер егіз қыздардың туылуына көмектесті (фото)

Тара мен Тони екеуі екі бөлімде жұмыс істейтін, апалы—сіңлілі егіз мейірбикелер. Туысқандар жұмыс уақытында мүлдем кездеспейді. Алайда бұл жолы бәрі басқаша болған. Олар алғаш рет егіз сәбилерді босандырып алды деп жазады 12О.su порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 12O.su
Фото: 12O.su: Twitter

Тара Даринкард пен Тони Ховард Америкадағы Джорджия қаласындағы ауруханада бірге жұмыс істейтін әріптестер ғана емес, апалы—сіңлілі егіздер. Тара терапия, ал Тони босану бөлімінде қызмет етеді.

Тони үнемі босануы қиын әйелдерге жасалатын кесарь тілігіне қатысқан. Осындай оталардың бірінде қосымша мейірбикелер қажет болып, Тони коридорға шыққан бетте Тараны көреді.

Фото: 12O.su
Фото: 12O.su: Facebook

Ота сәтті аяқтлған соң, олар егіздерді босандырып алғандарын біліпті. Кішкентай Эддисон мен Эмманың ата—анасы да өмірге келе салысымен өзге егіздермен танысқандарын үшін қатты қуанған. Тіпті, кішкентай қыздары өскен соң, олардың өмірге қалай келгендерін баяндап береміз деп шешіпті.

Фото: 12O.su
Фото: 12O.su: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1823047-egiz-mejirbikeler-egiz-kyzdardy-tuyluyna-kmektesti-foto.html