RU
Алматыдағы жаппай жол апаты: Науқасы бар жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы жаппай жол апаты: Науқасы бар жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Соның салдарынан жедел жәрдем қызметкері мен науқас, сондай-ақ, жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда жаппай жол апаты болды: Науқасы бар жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Фото: Sputnik/Стрингер

Оқиға 20 қазан күні Құлжа тас жолында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 жеңіл көліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтаған көрінеді. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кеткен. Осы уақытта ішінде науқас болған жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатыпты.

Басылым дерегінше, жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, алайда қолынан келмепті.

Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысып, соның салдарынан арнайы көлік аударылып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін "ұрған".

Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.

Ал жарақат алған жедел жәрдем көлігіндегі науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel