Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Дүниеге ұл әкелу үшін ерлі-зайыптылар төсекте не істеу керек

Опубликовано:

Бүгінде құрсағына бала біткеннің барлығының білгісі келетіні – оның жынысы. Яғни, өмірге атұстар әлде шайқұяр келе ме, бәріне қызық. Бұрындары мұндай болжамды тек көпті көрген, көп құрсақ көтеріп, көп баланың өмірге келуіне куә болған апа-әжелер ғана жасаған. Ал қазір ғаламтор арқылы бәрін білуге болады. Тіпті, ұлды немесе қызды болу үшін жыныстық қатынастың өзімен қалай айналысу керектігіне дейін бар дп жазады ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Құрсаққа бітер шарананың ұл болуын қалағандар:

Овуляция күніне дейінгі 3-4 күн бойы жыныстық қатынасқа түспеген жөн, бұл сперматозоидтердің саны артуына септігін тигізеді;

Еркектер апта бұрын тар ішкиім мен ыстық ваннаға (моншаға) түсуден сақтанғаны дұрыс; әйел тек овуляция күндері ғана жүкті болып үлгеруі керек, басқа күні сақтану шараларын қолдану қажет; әйел еркектен бұрын оргазмға жетіп үлгеруі тиіс;

шауһатты мүмкіндігінше ұзақ жіберу арқылы еркек ләззат алғаны жөн;

поза да рөл ойнайды, еркек әйелге арқадан жақындауы керек;

ұл болуын қалаған еркек мүмкіндігінше тереңірек «барғаны» дұрыс;

жыныстық қатынас алдында бір сағат бұрын еркек ыстық кофе немесе кофеині бар газды сусын ішсе, сперматозоид санының артуына себеп болады;

егер әйел жайбарақат күйде жатса, жыныстық қатынастан соң сперматозоидтардың орналасу ұзақтығы тура 20 минутқа тең болады;

жыныстық қатынас кезінде жасанды лубриканттар қолдаудан аулақ болған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823154-18-dniege-l-kelu-sin-erli-zajyptylar-tsekte-ne-isteu-kerek/

pixel