RU
Қазақстан білім саласы бойынша әлемдік рейтингте қай орында тұр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан білім саласы бойынша әлемдік рейтингте қай орында тұр

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында екендігін айтты деп жазады министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде "Білім" субфакторы бойынша 26-шы орында. Сарапшылар алпы әлемнің 64 елін бағалаған.

Осы рейтингтің 20 көрсеткішінің бестігінде Қазақстан бірінші орында тұр. Аталған рейтингке Қазақстан үшінші жыл қатарынан қатысып жатыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде "Дағдылар" факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болған.

"PIRLS зерттеуінде мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша біздің оқушылар 27 орында болса, TIMSS зерттеуіндегі математика және жаратылыстануда академиялық білім бойынша мықтылардың бірі және көшбасшы елдердің ондығына кіреді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Қазақстан өткен жылы TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысқан. Нәтижесі бойынша қазақстандық мұғалімдердің орта жасы - 41 жас, ол ЭЫДҰ елдерінің көптеген мұғалімдерінен 3 жылға жас

Одан бөлек біздің ел ең жас мектеп директорларының жетілігіне кірді.

Зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандық мұғалімдердің 86 пайызы кәсіби даму олардың оқытушылық практикасына оң әсерін тигізгенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel