RU
Ақтөбедегі мектепте 3D форматындағы виртуалды зертхана пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі мектепте 3D форматындағы виртуалды зертхана пайда болды

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялаған болатын. Осы орайда, қазақстандық мамандар виртуалды AVR Labs зертханалық қосымшасын ойлап тапты. Енді физика, химия пәндеріндегі зертханалық жұмысты 3D форматында, виртуалды түрде орындауға болады деп хабарлайды Астана арнасы.

Ақтөбедегі мектепте виртуалды зертхана пайда болды

Жаңа жоба қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінде пилоттық негізде өткізіліп жатыр. Виртуалды зертхананы 7-9 сыныптар физика мен химия пәндерінде қолданып жүр.

Егер оқу үлгерімінде оң нәтиже байқалса, жобаны еліміздің барлық қалаларында іске асыру жоспарлануда.

"Кез келген зертханалық жұмысты біз бірнеше құралды жалғамай-ақ, уақытты тиімді қолданып, бір көзілдіріктің көмегімен жасай аламыз", - дейді мұғалім Алтынгүл Бақытжанова.

Аталған жобаны AVR Group компаниясы үш жыл көлемінде құрастырған.

Ақтөбедегі мектепте 3D форматындағы виртуалды зертхана пайда болды

Мұнда қамтылған тақырыптар оқулықтарға сай таңдалған. Жуырда жобаға 10 мен 11 сынып оқушылары да қосылмақ.

"Біріншіден, лабароторияның сценарийі жазылып, сосын аниматорларға ұсынмыз. Олар 3D макеттерді сызып, анимациясын енгізгеннен кейін программисттерге береді.
Ақтөбедегі мектепте 3D форматындағы виртуалды зертхана пайда болды
Бағдарламашылар бағдарламаны жасап, виртуалды очкиге салады. Тиімділігі - бүкіл құрал-жабдықты тек бір очки алмастырады", - дейді AVR Group компаниясының директоры Мейіржан Серікбайұлы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel