RU
Бастарына қорап киіп емтихан тапсырған студенттер елді таңырқатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бастарына қорап киіп емтихан тапсырған студенттер елді таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанда бастарына қорап киіп сынақ тапсырған студенттердің суреті желіде жария болып, дау туғызды. Колледж басшылығы студенттер бір-бірінен көшірмеуі үшін осындай қадамға барған деп жазады Times of India порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сурет Карнатака штатының Хавери қаласындағы Бхагат даярлық колледжінде түсірілген.

Химия пәнінен емтихан тапсырған студенттер басына картон қорап киіп алған.

Колледж әкімшілігі осы оқиға үшін аймақтағы биліктен кешірім сұраған. Мұндай әдісті басқа білім мекемелері де сынақ ретінде байқап көрмек болған екен.

Білім ордасының әкімшілігі студенттерді ешкім мәжбүрлемегенін, қорапты олар өздерімен бірге ала келгенін айтқан.

Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін, колледжге тексеріс жүргізіп, басшылыққа қатаң ескерту жасаған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel