RU
Қазақстанда тіркелмеген құрылғылардың байланысқа шығуы қиындайды

Қазақстанда тіркелмеген құрылғылардың байланысқа шығуы қиындайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда өзінің құрылғыларын тіркемеген абоненттердің байланысқа шығуына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Beeline Қазақстан компаниясының PR компаниясы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ұялы байланыс компаниясы қазақстандықтардың құрылғыларын тіркеуден өткізуі керек екенін еске салды. Мұны бірнеше тәсілмен жүзеге асыруға болады.

Олардың бірі - *691# нөмірін теріп, содан кейін оператордың нұсқаулықтары бойынша әрекет ету. Сондай-ақ, 6914 нөміріне хабарласып, арнайы маманнан кеңес алуға да мүмкіндік бар. Қоңыраулар таңғы 9-дан түнгі 1-ге дейін қабылданады.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар қызмет көрсететін кеңселердің біріне келіп, тіркелуге көмек сұрай алады немесе компания сайтына кіре алады.

"Құрылғыны тіркеу - абоненттің міндеті, бірақ біз шетте жай тұра алмаймыз. Аталған шараны жеңілдетуге тырысамыз.
Біз қазақстандықтарды заңға немқұрайлы қарамауға шақырамыз, себебі тіркеудің болмауы ұялы операторлардың қызметтеріне қол жеткізу бойынша шектеулерге алып келеді", - деп хабарлады Beeline Қазақстан компаниясының сату және клиенттік қызмет көрсету жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа заң өз күшіне енді. Заң бойынша, абоненттер тек тіркеуден өткен құрылғылардан ғана байланыс қызметтерін ала алады. Бұл SIM картасын пайдаланатын IMEI телефон, планшет, сағат және кез келген гаджет иесінің атында болуы керек.

Нөмірдің тіркелгенін тексеру үшін *835# пәрменін басу қажет.

Құрылғының дұрыс тіркелгеніне көз жеткізу үшін БДИК мемлекеттік сайтына немесе Beeline сайтының бетіне кіріңіз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel