Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашығыңды шектен тыс қызғанудан қалай арылуға болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Сүйген адамыңды қызғану - заңдылық. Алайда шектен тыс қызғаншақтық - ғашығыңызбен араңызды суытып, оның сізге деген сезімін сөндіріп жіберуі мүмкін. Себепсіз қызғану - психологиялық ауытқушылықтан барынан хабар береді деп жазады Рамблер порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Өз-өзіне сенімсіздік

Өзін-өзі төмен бағалау - қызғаншақтыққа бастайтын жол. Адам өзін сүйгеніне лайықты емеспін деп ойлап, оны байлап ұстаудың амалын жасайды.

Бәрін үнемі бақылауда ұстау

Яғни, сүйгеніңе - сенбеу. Мүмкін адам өмірінде естен кетпестей жағымсыз жағдай болған шығар. Соның салдарынан басқа да жандарға сенімсіздік пайда болады.

Жұбына байланып қалу

Кейбір адамдар қарым-қатынас барысында екі адамның рөлін айыра алмай, сүйгені үшін соның өмірін сүріп кетеді. Кез келген адамның жеке кеңістігі болуы керек. Яғни, достарымен уақыт өткізіп, бір-бірінен демалып тұрғандары абзал. Олай болмаған жағдайда, шынайы махаббат болса да, сезімдері суып кетуі мүмкін.

Қызғаншақтықпен қалай күресу керек?

Жұбыңызға мін тақпай тұрып, өз ойыңызды ретке келтіріңіз. Өзіңіздің қандай әрекетке барғалы тұрғаныңызды ойланыңыз, есеп беріңіз. Қызғанған адамның көзі көрмей қалуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Ойыңызды жинақтап, не үшін сенімсіздік танытып тұрғаныңызды анықтаңыз. Қауіптенетіндей дәлелдер бар ма? Егер күдігіңіз болса, сізді не мазалайтынын жартыңызға жай сөзбен айтып түсіндіріңіз.

Егер күдіктенетіндей жағдай болмаса, онда мәселе сіздің басыңызда, миыңызда. Бұндай жағдайда өзіңізді сүйіктіңізге сенуге, жағымсыз ойлардан арылуға мәжбүрлеңіз. Өзіңізге жаңа бір хобби тауып, жағымсыз ойларға кететін энергияңызды соған жұмсаңыз. Ең бастысы "Ашу - дұшпан, ақыл - дос" екенін ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823450-sebepsiz-kyzgansaktyktan-kalaj-aryluga-bolady/

pixel