RU

Ғалымдар адамдардың не себепті түнде қорылдайтынын түсіндірді

Америкалық ғалымдар адамдардың түн уақытында қорылдауы денсаулыққа зиян екенін дәлелдеді. Олардың сөзінше қорылдайтын адамдар күйзеліске тез беріліп, тіпті инсультке жиі ұшырайды екен деп хабарлайды kubnews.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Олардың пайымынша, қорылдау арқылы адамның бас сүйегі қозғалысқа түседі екен. Ол өз кезегінде мидағы сұйықтық көлеміне әсер ететін көрінеді.

Олар сонымен бірге қорылдайтын адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларына жиі ұшырайтынын дәлелдеген.

Сонымен бірге қандағы оттегінің жетіспеушілігінен адамдар тіпті инсульт пен инфарктке шалдығуы әбден мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1823536-galymdar-adamdardy-ne-sebepti-tnde-koryldajtynyn-tsindirdi.html