RU
Тұрақты мекенжайы жоқ ғашықтар кір жуатын жерде үйленді

Тұрақты мекенжайы жоқ ғашықтар кір жуатын жерде үйленді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Теннеси штатында 11 жыл кездесіп жүрген ғашықтар үйленді. Алайда олардың тойы қарапайым адамдарға қарағанда өзгеше өтті. Ерлі-зайыптылар өздері алғаш рет танысқан кір жуатын жерде некелерін қидыртты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Шерил Смит пен Джеймс Найт алғаш рет "Soap Opry Coin" атты кір жуатын орында танысқан. Бірін-бірі ұнатқан ғашықтар 11 жылға жуық уақыт қыз-жігіт болып кездескен.

Ең қызығы, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты мекенжайы жоқ. Бір сөзбен айтқанда олар үй-күйсіз жүрген адамдар.

Жұптың басына көптеген қиындықтар түскен. Алайда Шерил мен Джеймстың айтуынша, олар махаббатары үшін бәріне төтеп бере алған.

Жуырда кір жуатын орында қос ғашықтың тойы өтті.

Қалыңдық пен күйеу жігіт тойға қайырылымдықтан түскен киімдерді киді. Мерейлі дастарханда тәтті торт пен пицца тұрды. Десе де, ерлі-зайыптылардың пәтер мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ. Мәселен Шерил осы күнге дейін өзі жұмыс істеп келген кір жуатын орында тұрған.

Алайда қос-ғашық бірге болса, бәріне төтеп беріп, өмірдерін жақсартатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
3
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel