RU
Серік Ахметов өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Серік Ахметов өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 қазанда сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталған елдің бұрынғы примьер-министрі Серік Ахметов өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен сотқа жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Ахметов. Фото: Sputnik/ Асем Миржекеева

Серік Ахметов. Фото: Sputnik/ Асем Миржекеева

Істі тыңдау бүгінге белгіленген болатын, алайда, Қарағандының Қазыбек аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева процесті 25 қазанға ауыстырды.

Өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішінде бұрынғы шенеунік жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзушылықтар жасамағанын атап көрсеткен.

Ол осы аралықта қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмағанын, өз қылмысымен мемлекетке келтірген шығынын толық мөлшерде өтегенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 11 желтоқсанда Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Серік Ахметовті жалпы режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Кейін Абай аудандық соты бұрынғы шенеуніктің жазасын өтеу мерзімін 1 жыл 7 айға қысқартты.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel