RU
Қызылорда қаласында "Үздік аула" анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорда қаласында "Үздік аула" анықталды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде жарияланған конкурс арқылы Қызылорда қаласының тұрғындары "Үздік" ауланы анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қызылорда әкімдігі

Фото: Қызылорда әкімдігі

Соңғы жылдары Қызылорда қаласы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, архитектуралық келбетімен де көріктеніп келеді. Оның ішінде көркейту – көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Бұл туралы тек Қызылорда қаласының тұрғындарының арасында ғана емес, әлеуметтік желілерде қала қонақтарының пікірлері де кеңінен талқыланып жүр. Бұған дейін осындай пікірлердің бірі біздің редакцияда жарияланған болатын. https://www.nur.kz/1818356-kazahstancy-v-socsetah-aktivno-obsuzdaut-kyzylordu.html?fbclid=IwAR02Vd1GgyOJS_g7iJaLNBUi32LrQp437DrZLAhxRTNMezQa4rWUdPfVzXM

Қаланың көркіне көрік қосу үшін атқарылып жатқан жұмыстарға барша қала тұрғындары атсалысып, өздерінің де мүдделі екендігін көрсетіп келеді. Бұның дәлелі "Қала күні" мерекесі аясында instagram/facebook әлеуметтік желілерінде дәстүрге айналған "Үздік аула - 2019" байқауына қатысуға ниет білдірген белсенді тұрғындардың саны жыл сайын артып келеді.

Фото: Қызылорда әкімдігі

Фото: Қызылорда әкімдігі

Қатысушылар арасынан "Шұғыла" мөлтек ауданы, 7а үйдің тұрғыны Қуаныш Байтаковтың абаттандырған ауласы қала тұрғындарының көңілінен шығып, ең көп қолдауға ие болды.
Фото: Қызылорда әкімдігі

Фото: Қызылорда әкімдігі

Қала жанашырларына деген құрметтің белгісі ретінде жеңімпазға көркейту-көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы және қала әкімінің арнайы дипломы табысталып, тұрғын үй ауласына "ҮЗДІК АУЛА-2019" тақтайшасы ілінді.

Фото: Қызылорда әкімдігі

Фото: Қызылорда әкімдігі

Аула бағбаны Қуаныш Байтаков жасалған жұмыстардың қала башылығы тарапынан еленгеніне ризашылығын білдіре отырып, бұл қолдаудың қала тұрғындарын ынталандыруға үлкен септігін тигізетінін және келер жылы ауласында көркейту-көгалдандыру жұмыстарының көлемін ұлғайтатынын жеткізді.

Қаланың көгалданып, абаттануында шынайы жанашырлығымен өзгелерге үлгі бола білген қала тұрғыны Қуаныш Байтаков сияқты азаматтардың еңбегі зор.

Фото: Қызылорда әкімдігі

Фото: Қызылорда әкімдігі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel