RU
Қазіргі жастардың сүйікті әншісі, актері және блогері кім?

Қазіргі жастардың сүйікті әншісі, актері және блогері кім?

Рассказать Вконтакте

Бүгінде жастар арасында әншілер мен актерлерден бөлек, әлеуметтік желіде белсенділік танытатын блогерлер де танымал. Осыған дейін ұнататын әншісін тыңдап, көңілінен шыққан актерлердің ойынын көріп жүрген қыз-жігіттер енді жанына жақын блогерлерді оқуды әдетке айналдырған. Ендеше, қазіргі жастардың сүйікті әншісі, блогері мен актері кім? KAZ.NUR.KZ осы тұрғыда студенттердің пікірін ұсынады.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұргүл Нұрман, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты:

Нұргүл Нұрман. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Нұргүл Нұрман. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Жалпы Instagram желісінде көп отырмаймын. Сонда да әлсін-әлсін қарап отыратын блогерлерім бар. Олардың кейбірі тамақ істеумен айналысса, кейбірі пайдалы кеңес беріп жатады. Алатын мотивациям да аз емес. Ал өзімнің сүйікті блогерлерім деп Өркен Кенжебек (@orkeni) пен Дана Орынбекті (danapartner) айта аламын.
Өркен ағаның жазу стилі мен сауаттылығы ұнайды, Дана бизнесвумен әрі көпбалалы ана. Нағыз қазіргі қазақ қоғамына тән әйел бейнесі. Ал сүйікті актерім-Асанәлі Әшімов. Барша көрерменнің көңілінен шыққан дара талант ерен еңбегінің арқасында тарихта өз таңбасын қалдырды. Cүйікті әншім-Сәкен Майғазиев. Оның дауыс ырғағы мен ерекше әуендері, халыққа деген құрметі ұнайды.

Нариман Белғожа, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты:

Нариман Белғожа. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Нариман Белғожа. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Қазақ эстрадасында Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртасты сүйіп тыңдаймын. Одан бөлек, Santiz есімді орындаушы да ұнайды. Ал блогерлерге келер болсақ, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін және халықты күлдіруге құмар Темірхан Асылбек (@territima) көңілімнен шығады. Сүйікті актрисам-Ая Шалқар.

Ақбөпе Құсанбай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің (ТИГУ) 1-курс магистранты:

Ақбөпе Құсанбай. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Ақбөпе Құсанбай. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Менің сүйікті әншілерімнің бірі- Мейрамбек Беспаев. Өзінің қайталанбас қоңыр даусы, мағыналы әрі мәнді әндері және тәрбиеге толы термелері қатты ұнайды. Сонымен қатар, Жанар Дұғалова, Ninety One тобы, Мирас Жүгінісов, Нұржан Керменбаев, Раим және Артур сынды әншілерді сүйіп тыңдаймын.
Ал сүйікті актерлерімнің қатарына Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Нұртас Адамбай, Еркебұлан Дайыровты жатқызуға болады. Фильмдерді тамашалағанда бұл актерлер өз ісінің маманы екеніне көзім жетеді. Сондықтан да, дәл осы өнер иелері қатысқан киноларды сүйіп қараймын.
Қызыға қарайтын блогерім - Дина Цай (@tsaydina). Әр салған жазбасы өте қызықты. Әлемге деген көзқарасы , өмір сүру стилі, жазған пікірлері өте қатты ұнайды десем өтірік айтқаным емес.

Абдолла Амангелдіұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2-курс магистранты:

Абдолла Амангелдіұлы. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Абдолла Амангелдіұлы. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Ең сүйікті әншім-Нұржан Керменбаев. Ол Superstar.kz жобасына келгеннен бастап өзін ұстауымен, ән орындауымен және қарапайымдылығымен ерекшеленген. Барлық әндерін сүйіп тыңдаймын. Ал актерлерге келсек, Саят Исембаевтың сомдаған рөлдері көңілімнен шығады. Instagram әлеуметтік желісінде журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын (@sultankyzy) оқимын.

Балжан Сатанова, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2- курс магистранты:

Балжан Сатанова. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Балжан Сатанова. Фото: Жеке мұрағаттан/ KAZ.NUR.KZ

Талғам мен таңдауға ешкімнің тартысы жоқ. Менің сүйікті әншім - қазақ эстрадасының бірегей тұлғасы, қайталанбас қоңыр дауысты Мейрамбек Беспаев ағамыз. Сол кісінің әндерін тыңдап өстік, әлі де даусын естіген сайын балалық шаққа барып қайтқандай сезімге бөленемін.
Ал сүйікті актерім-Дәурен Серғазин. Ол жас та болса, өз қолтаңбасын қалдырып үлгерді деп есептеймін. Кез келген образды керемет сомдап шығады.
Instagram әлемінде Айдын есімді блогерді (@janym_baklajanym) сүйіп оқимын. 100 жігіт арқалай алмайтын жүкті жалғыз өзі көтеріп жүр. Сол кісінің арқасында әр адамға кішкентай болса да көмегім тисе, бақытты екенімді ұқтым.
Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel