RU
"Қос әкеммен": Бүркіттің атышулы қарындасы қайын атасымен түскен суретін жария етті (фото)

"Қос әкеммен": Бүркіттің атышулы қарындасы қайын атасымен түскен суретін жария етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар ғаламторда қос әкесімен түскен суретін жариялады. Танымал блогер көпшілікке қайын атасын көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Соңғы кездері отбасына қатысты көп мәліметпен бөліспейтін ару өз оқырмандарына күйеуінің әкесін көрсетіп, оларды таңғалдырған.

Әсел Асқар Instagram парақшасында бөліскен суретте ол өзінің туған әкесі мен қайын атасының ортасында тұр. Қос құда жас жұбайлармен бірге Алматының орталығында орналасқан мейрамханалардың бірінде кешкі ас ішкен көрінеді.

Желі қолданушылары танымал блогердің бұл жазбасын қызу талқылап, оның жолдасы өз әкесінен айнымай қалғанын жазуда.

"Күйеуіңіз кімге тартқаны белгілі болды" , "Жолдасыңыз да, өзіңіз де әкелеріңізге ұқсайды екенсіздер" ,"Сұлу қыз, әкелеріңіз жап-жас екен" , "Мамалар қайда?" , "Жұбайыңыз әкесінің көшірмесі екен" , "Екеуіңіз де әкелеріңізден айнымайды екенсіздер" , "Айбек әкесіне қатты ұқсайды" , "Енді танасып жатыр ма?" , - деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel